Соңғы 7 жылда тозу деңгейінің жалпы көрсеткіші 13 пайызға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ республикалық дағдарыс орталығы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2022-2023 жж. жылыту маусымы басталғаннан бері еліміз бойынша 26 технологиялық ақау орын алған, оның ішінде:
– автономды қазандықтарда – 2 (Ақмола және Алматы облыстарында);
– жылумен жабдықтау желілерінде – 11 (Жетісу – 1, Қарағанды – 7, Павлодар – 1, Астана-1, Алматы-1);
– сумен жабдықтау желілерінде – 13 (Абай – 1, Ақмола – 2, Алматы – 1, ШҚО – 1, БҚО – 1, Қарағанды – 1, Павлодар – 1, СҚО – 2, Ұлытау – 1, Астана-2).
2015-2022 жылдар аралығында әр түрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысы, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 3 667 км инженерлік желі салынып, қайта жаңартылған. Осылайша, жалпы тозу деңгейі 65%-дан 53 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 51%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуының жалпы көрсеткішін 45%-ға дейін азайту көзделіп отыр.