Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды

12 Маусым 2024, 20:11
244
Бөлісу:
Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Нью-Йоркте Қазақстандық ұлттық саябақтар мен табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған жобаларға арналған "Winds of Change" иммерсивті көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, көрме Манхэттендегі (Нью-Йорк, АҚШ) The Canvas 3.0 галереясы мен дүкенінде Qazaq National Parks қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан әрқашан табиғи мұрасы мол және қоршаған ортаға құрметпен қарайтын ел болған және болады. "Winds of Change" көрмесі - бұл біздің ұлттық саябақтарымыздың сұлулығын көрсету ғана емес, сонымен қатар іс-әрекетке шақыру. Біз күш біріктіру арқылы болашақ ұрпақ үшін табиғи мұраны сақтап, жаһандық экологиялық өзгерістерге үлес қоса аламыз деп сенеміз», - деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды

"Winds of Change" көрмесі американдық келушілерді қазақстандық ұлттық табиғи саябақтармен бірегей креативті жобалар арқылы таныстырады: 

 "Іле-Алатау тарихы" кітабы — аттас ұлттық саябақпен байланысты адамдардың әңгімелері. Кітаптың басты кейіпкерлері - өз өмірін табиғатпен байланыстырған нақты адамдар: ғалымдар, зоологтар, ботаниктер, археологтар, гляциологтар, астрономдар, орманшылар мен аңшылар, альпинистер, туристер мен еріктілер, олардың әрқайсысы оқырманмен өз өмірін Іле-Алатау табиғи паркімен байланыстыратын өзіндік, ерекше тарихымен бөліседі.

"Адам-Табиғат" жобасы — лэнд-арт инсталляциясы, қазіргі адам табиғаттың бір бөлігі болып қала ма деген сұрақты зерттейтін жоба. Қысқартылған, бірақ өте символдық "ТЖ" деген атаумен де белгілі жоба бір кездері Аюсай шатқалында туристер қалдырған қоқыспен таулардың бітелуінің өзекті мәселесін көтереді. "ТЖ" - Алматы тауларындағы Wild Nature Volunteers еріктілердің қоғамдық сенбіліктер кезінде тапқан винтажды қоқыстарға (20-70 жас аралығындағы) арналған көрме.

The ROOTS — бұл инсталляция Тяньшань шыршасының зақымдалған тамырларын лэнд-арт түрінде жандандырады. Адамның қолындағы нәзік табиғаттың үш бейнесі адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығын көрсетеді.

Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды

Qazaq National Parks Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатау ұлттық парктерінде экологиялық туризм мен туристік инфрақұрылымды дамытуда. Біз қоғамдағы табиғатқа ұқыпты және жауапкершілікпен қарау идеяларын дамытуға ұмтыламыз,- деді Qazaq National Parks креативті директоры Динара Гужавина.

Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды

Қазақстандық ұлттық саябақтар - бұл жусанның иісі, шөлді желдің сыбдыры және таулы аңғарлардың гүлденген алқаптары. "Winds of Change" көрмесі табиғатпен байланыста болған әрбір адамның ішкі әлемін өзгертетін жобалар жасауға шабыттандырады, - дейді көрме кураторы Наргиз Магаева.

Еліміздегі ұлттық парктер Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде таныстырылды

Көрмеге келушілер Шарын, Алтын-Емел және Іле-Алатау ұлттық парктеріне арналған Qazaq National Park өнімдерін сатып алды.

Өзгелердің жаңалығы