Еліміздегі отбасылардың 48 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаж

28 Қазан 2022, 14:06
728
Бөлісу:
Еліміздегі отбасылардың 48 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаж

Бұл туралы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтуге арналған конференцияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Министр 4 айдан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қараған Әлеуметтік кодексті тамамдап, Үкіметке тапсырғанын хабарлап, кодекстің негізгі мәселелерімен таныстырып өтті. 

Әлеуметтік салада 18-ден аса заң болатын. Сол заңның барлығын зерделеп, жүйелеп, бір кодекске енгіздік. Әрбір заңды алатын болсақ, мысалы, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңы тек қана мүгедектерге қарасады. Зейнетпен қамсыздандыру заңы тек зейнеткерлердің құқықтарын қарайды. Бәрі бір жерге жинақталмаған. Енді әлеуметтік кодекс осы заңдардың барлығын жинап, қазақстандық әрбір отбасының жағдайын жақсартуға жұмыс істейді, - деді министр. 

Өйткені бір отбасында зейнеткерлер де, мүмкіндігі шектеулі жандар да, балалар да, жұмыс істейтін немесе жұмыссыз адамдар да болуы мүмкін екенін атады. Сондай-ақ «Әлеуметтік кодекстің ең негізгі элементі – цифрлы отбасы картасы» деп, онда Цифрлық даму министрлігімен бірге ақпараттық жүйедегі әр қазақстандық отбасы туралы ақпараттың жинақталғанын айтты. 

Соның негізінде отбасыларды әлеуметтік статусы бойынша бөлдік. Бізде отбасылардың 5 санаты барын анықтадық... 14,9 миллион қазақстандықтардың барлығы 5,9 миллион отбасылардың ішінде тұрады. Қазақстан бойынша жақсы өмір сүретін отбасылар үлесі 52 пайыз болса, 48 пайыз отбасылар әлеуметтік көмекке мұқтаж, - деді министр.    

Өзгелердің жаңалығы