Халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрады және осылайша соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, көрсеткіш ұзақ мерзімді өсімнен кейін 2020-2021 жж. пандемия кезінде төмендеп, одан кейін қайта қалпына келе бастаған.
Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 75,73 және 74,02 жылдан.
Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да артып, 79,06 жасты құрады (2022 ж. – 78,4), ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,99 жас (2022 ж. – 70,2 жас).
Алматыда ең жоғары өмір сүру ұзақтығы 78,28 жасты, ал ең төменгісі Ұлытау облысында 72,41 жасты құрайды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда сол ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.