Еліміздегі мүгедектердің 419 мыңы еңбекке қабілетті

22 Желтоқсан 2022, 21:20
1663
Бөлісу:
Еліміздегі мүгедектердің 419 мыңы еңбекке қабілетті

2022 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде мүгедектігі бар 696,8 мың адам немесе халықтың жалпы санының 7,5% - ын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Оның ішінде 419 мыңы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар. ITeachMe Шеврон компаниясының қолдауымен мүгедектігі бар адамдарды қайырымдылық тұрғысынан ғана қабылдамай, кәсіпқой маман ретінде бағалау үшін жұмыс істеп жатыр. 

Алты маусымда digital-мамандықтарды оқытудан 500-ден аса мүгедектігі бар қазақстандық өтті. Олардың 90%-ы ірі компанияларға жұмысқа орналастырылды. ITeachMe түлектерінің арасында сұранысқа ие SMM менеджерлер, копирайтерлер, UI/UX дизайнерлер, мобилографтар және графикалық дизайнерлер бар. ITeachMe тәлімгерлер тобы мамандарды орыс және қазақ тілдерінде дайындайды.

Студент жобаға келгенде өзіне тек мүгедектік тұрғысынан қарайды. Біздің міндетіміз оған өзінің мүмкіндітерінінің зор екенін түсіндіру. Тәжірибе көрсеткендей, бәрі мүмкін. Бізден кәсіпқойлар шығады! Иә, олардың мүгедектігі бар, бірақ сонымен бірге олардың кәсіби құзыреттері, білімі, дамуға және өзінің еліне пайда әкелуге деген ұмтылысы бар! – дейді қор директоры Захира Бегалиева.

ITeachMe-дің ең үлкен алтыншы маусымында өткізілген іріктеу кезеңдері бойынша Қазақстанның барлық қалаларынан 2000-нан астам жастарды қамтуға мүмкіндік туды. Жобаға 200-ге жуық студент қабылданды. 112 студент оқуды сәтті аяқтап, AstanaHub IT стартаптар технопаркі алаңында өз жұмыстарын таныстырды.

Жобада алған барлық дағдыларды қолдану үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда компаниялар өздерін таныстырды, жас мамандармен танысуға мүмкіндік алды. Осы ұйымдарда жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтты. Жәрмеңкеге Эйр Астана, BTS Education, КаспиБанк сияқты компаниялар қатысты.

Айта кетейік, барлық түлектерге үздік оқуы үшін естелік сыйлықтар берілді. Сондай-ақ қазылар алқасының шешімімен үздік 11 студент ITeachMe қорынан, Шеврон компаниясынан және EPAM Kazakhstan жобасының серіктестерінен маман дағдыларын қолдану және портфолиосын әзірлеу үшін 100 000 теңгеге дейінгі мөлшерде коммерциялық тапсырыстар алды.

Өзгелердің жаңалығы