Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

14 Тамыз 2024, 14:10
451
Бөлісу:
Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады
Фото: @oqu_agartu

Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.

Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам, — деп атап көрсетті Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті — әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу болып табылады

Өзгелердің жаңалығы