Еліміздегі инфляция деңгейі қандай

2 Қыркүйек 2024, 16:44
364
Бөлісу:
Еліміздегі  инфляция деңгейі қандай
PHOTO
Фото: Ұлттық статистика бюросы

2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,6% құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақылы қызметтердің бағасы 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 0,8% өсті. Азық-түлік тауарларының баға индексі 100% құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі 1,6%, суық суға 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру – 9,3%, такси 1,8% қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды – 1,4%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде тамыз айында оқушылардың рюкзагына баға 4,7% өсті, балалар киіміне – 1,8%, балалар аяқ киіміне – 1,3%, кеңсе тауарларына – 1,1%. Баллондағы сұйық газ 1,7% қымбаттады.

Азық-түліктен апельсинге баға – 4,2%, күнбағыс майы мен қырыққабатқа – 2,2%, пиязға 1,9% өсті. Бағаның төмендеуі жүзімге – 10%, тәтті бұрышқа – 8,6%, қызанаққа – 7,8%, қиярға – 6,1%, қарақұмық жармасына – 3,6%, қызылшаға 3,2% белгіленді.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Абай облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларда – Түркістан облысында 1,7%, ақылы қызметтер бойынша – Алматы қаласында 2,2%.\

Еліміздегі  инфляция деңгейі қандай

2024 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы тамызымен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, қоқыс шығаруға – 23,5%, су бұруға – 22,9%, электр энергиясына – 22,8%, суық суға – 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері - 12%, байланыс қызметтері 14,9% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 58,5%, белсендірілген көмірге – 30,4%, хилак фортеге – 24,3%, парацетамолға 20,1% өсті. Банан – 28,3%, қызанақ – 24,9%, қияр, зәйтүн майы 21,6% жүзім 21,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 27,6%, қарақұмық жармасы – 23,4%, күнбағыс майы – 17,2%, пияз 14,2% арзандады.

Еліміздегі  инфляция деңгейі қандай

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.

Өзгелердің жаңалығы