Елімізде электр энергетикасы саласында тәуелсіз реттеуші құрылуы мүмкін

22 Шілде 2020, 21:17
1545
Бөлісу:
Елімізде электр энергетикасы саласында тәуелсіз реттеуші құрылуы мүмкін

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда электр энергетикасы саласында тәуелсіз реттеуші құрылуы мүмкін. Бұл туралы халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) SEEPX Energy британиялық компаниясымен бірлесіп "Ынталандырушы тарифтік реттеудің эволюциясы-тұрақты дамудың күн тәртібі" тақырыбында өткен Green Webinar барысында мәлім болды. 

Іс-шара тұрақты даму мақсаттары контекстінде желілік компаниялардың үлгісімен ынталандырушы тариф құруға көшу мәселесіне арналды және мұнда мемлекеттік органдардың, бейінді қауымдастықтардың, институттар мен университеттердің, энергетикалық және электржелілік компаниялардың мамандары бас қосты.

SEEPX Energy басшысы Екатерина де Вере Уолкер басты спикер болды, ол ТМД және Еуропа елдерінің үлгісімен тариф белгілеудің жаңа қағидаттарына көшу кезіндегі негізгі артықшылықтар мен кедергілерді атап көрсетті.

Қазақстан үшін бұл тақырып барлық өңірлік электржелілік компаниялар (ӨЭК) үшін ынталандырушы реттеуді енгізу жөніндегі жоспарларға байланысты өзекті болып табылады. IGTIC анықтамасына сәйкес, 2013 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстанның электр энергетикалық саласы «шығындар плюс» әдісінен ӨЭК қызметінің "салыстырмалы талдау" (бенчмаркинг) әдісіне көшу сатысында болды.

Бенчмаркингті пайдалана отырып, тарифтерді белгілеудің сынама кезеңінен кейін "KEGOC" АҚ таратушы компаниялар мен ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) операторы үшін тарифтерді реттеу жаңа өзгерістерге ұшырады және тарифтер қызмет көрсету сапасы немесе шығындарды төмендету бойынша қандай да бір талаптар қоймастан 5 жылдық кезеңге белгіленетін ынталандырушы тарифтері әдіснамасының элементтеріне көшті.

Екатерина де Вере Уолкердің айтуынша, 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша электржелілік компаниялар үшін ынталандырушы тариф белгілеу Еуропаның 25 елінің 19-ында, АҚШ нарықтарында, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Ресейде және Украинада қолданылады.

Ынталандыру тарифтеріне көшу, қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігінен басқа, мұндай компанияларға электр энергетикалық сектордың қоршаған ортаға әсерін азайту үшін, оның ішінде өндірістің бөлінген көздерін (оның ішінде ЖЭК негізінде) және электр энергиясын тұтынуды (тұтынушылар жүктемесінің бағаға тәуелді өзгеруі, электромобильдер, прозьюмерлер, электр энергиясын жинақтаушылар) ынталандыру және біріктіру арқылы жағдайлар жасады, - дейді ол.

IGTIC ақпараты бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның электржелілік инфрақұрылымын "KEGOC" АҚ-ның 550-220 кВ желілері, 196 энергия беруші ұйымдардың (ЭӨҰ) желілері, оның ішінде 20 өңірлік электржелілік компаниялар (ӨЭК) және бөлшек тұтынушыларға электр энергиясын жеткізетін 301 энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (ЭЖҰ) ұсынып отыр.

Келіп түскен инвестицияларға және электржелілік инфрақұрылымның дамуына қарамастан, Қазақстанда бүгінгі таңда Оңтүстік энергия аймағы (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл) мен ҚР БЭЖ, ҚР БЭЖ Батыс энергия аймағы (Ресей желілері арқылы қатарлас жұмыс жүргізілуде) үш облысының 500 кВ кернеуінде тікелей электр байланысы жоқ, ЭБҰ мен ӨЭК негізгі жабдықтарының қатты тозғаны, сондай-ақ көптеген иесіз электр желілері тіркелді (1,3 мың км ЭБЖ және жүздеген қосымша станциялар).

Оңтүстік энергия аймағындағы өз қуатының айтарлықтай тапшылығы және онда күн санап артып келе жатқан энергия тұтынудың болжамдары ҰЭТ операторы тарапынан "Солтүстік-Оңтүстік" транзитінің өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыру жөніндегі жаңа жобаларды іске асыру қажеттілігін көрсетіп отыр. Ынталандыру тарифтер саладағы осы және басқа да проблемаларды шешуге ықпал ете алар еді.

Талқылау барысында Green Webinar қатысушылары Қазақстандағы инвестициялық шығындарға қатысты қарым-қатынасты қайта қарау үшін компаниялар алдында міндеттерді дұрыс қою және олардың қызметін бағалау үшін жоғары білікті ресурстарға қол жеткізе алатын тәуелсіз реттеуші құру талап етілетіндігі туралы қорытындыға келді. Қазір нарықта мұндай тәуелсіз реттеуші жоқ, реттеуші функциялар ҚР экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жүктелген.

Алайда спикерлердің пікірінше, "тәуелсіз" деген мәртебе саланы одан әрі трансформациялауда шешуші рөл атқара алады. Сонымен қатар, Екатерина де Вера Уолкер атап өткендей, реттеуші, бірінші кезекте, Қазақстанда электр энергиясын беру секторының орта және ұзақ мерзімді дамуының мақсатын анықтау және осы мақсаттарды электр энергетикасы, елдің экономикалық және технологиялық дамуы, сондай-ақ климаттық саясат міндеттерімен үйлестіру қажет.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы хабарлағандай, тарифтер мен пайда ставкасын ынталандырушы реттеуді есептеу әдістемесі реттеуші белгілеген қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі талаптарды ескеруі тиіс. Сонымен қатар, барлық ӨЭК-ке тариф белгілеудің ынталандырушы әдісін қолдануды кеңейту қажет, - деп мәлімдеді SEEPX Energy басшысы.

Жалпы алғанда, қазақстандық электр энергетикасы саласының ынталандырушы тарифтік реттеуге көшу тақырыбы Green Webinar қатысушыларының қызығушылығын тудырды, олар келешекте оны талқылау үшін IGTIC онлайн-алаңында қайта жиналуға ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы