Еліміздегі экотуризмді дамыту жобаларын қолдаймыз - Рашида Шәйкенова

15 Қаңтар 2021, 23:29
2011
Бөлісу:
Еліміздегі экотуризмді дамыту жобаларын қолдаймыз - Рашида Шәйкенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан туристік асссоциациясының (ҚТА) басшысы Рашида Шәйкенова «Іле-Алатау» МҰТП-да экотуризмді дамыту жобасына қолдау білдірді. Бүгін Аюсай шатқалындағы ұлттық паркте туристер үшін Қазақстандағы алғашқы сапар орталығының ашылуында ол экологиялық талаптарға сәйкес елдің ұлттық парктерінде қажетті инфрақұрылым құрудың маңыздылығына назар аударды.

Біз мұндай жобаларды, ең алдымен, адамдармен және олардың саяхаттау қажеттілігімен байланыстырамыз, - деді Рашида Шәйкенова. – Аюсай – алматылықтар үшін танымал бағыт, сондықтан мұнда туристер саны өте көп. Олардың осында болуы экологиялық туризм тұрғысынан өркениетті, сауатты, ұстамды болуға тиіс.

ҚТА басшысы волонтерлікті дамыту бойынша ұлттық парктермен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Ұлттық парктерге осындай көмек қажет, қаладан қашық орналасқандықтан онда кадрлармен байланысты үлкен проблема бар, оған туристік білімі, маркетинг және IT саласындағы білімі бар мамандар баруы тиіс,- деп атап өтті Рашида Шәйкенова. - Сондықтан біз бұрын студен жастармен волонтерлікті дамыту бойынша жұмыс істей бастадық. Ол кезде біз аз адамдарды ғана тарта алдық, қазір жағдай өзгеруде, адамдар мұндай қоғамдық жұмысқа дайын. Азаматтық қоғам табиғатты, біздің ұлттық байлығымызды сақтауға қызығушылық таныта бастады. Мұндай жұмысқа атсалысқысы келетін адамдардың тобы пайда болды. Сондықтан біз қазір адамдар жинайтын жер таза емес, қоқыс тастамайтын жер таза екенін түсіну үшін «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебімен бірлесіп, туризм мен еріктілікті дамыту, ұлттық саябақтарды қолдау, экологиялық ойлауды қалыптастыру саласында белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз.

Рашида Шәйкенованың айтуынша, қазақстандықтар пандемия болғандықтан ғана емес, туған табиғатының құндылығын түсінгеннен кейін де Қазақстан ішінде саяхаттауға көбірек қызығушылық танытуда.

Өткен жылдың наурыз айында карантин, авиаұшуларды шектеу, шекараларды жабу жағдайларында біз ішкі туризмді дамытуға сүйендік және бізде өте жақсы динамика бар. Қазақстандықтар басында амалсыздан, содан кейін туған елінің тамаша табиғи көрікті жерлеріне қуана-қуана барды. Оларға демалыс күнгі турлардың көмегімен табиғатқа шығып, отбасымен демалуға, таза ауамен тыныстау  арқылы жаңа орындарды танып-білуге болатындығы жайлы түсінік қалыптасты. Шынын айту керек, әзірге туркомпаниялар қызметінің құндылығын барлығы бірдей түсіне бермейді, дегенмен демалысты кәсіби ұйымдастыра алу соған  тұрарлық, - деп атап өтті Рашида Шәйкенова.
Өзгелердің жаңалығы