Ауа райының нашарлауына байланысты, яғни бұрқасын, көру мүмкiндiгiнiң шектелуi салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жоғарыда аталған автожолдардың 4 учаскесі Жетісу және Абай облыстарында.
Жетісу облысы
- "Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы" Көктұма ауылы - Достық станциясы;
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы" Үшарал қ. Абай облысының учаскесі.
Абай облысы
- "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" учаскесі Қайнар а., Баршатас а.;
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-шекарасы". Жетісу облысы - Таскескен а.
Халықты ескерту мақсатында "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.