Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде белгілі эко-белсенді Сәкен Ділдахмет еліміздегі киіктер саны бір жылда 56 пайызға өскенін хабарлады.
Биыл ақбөкен популяциясы 1 318 000 басқа жетті. Бұл аптаның ең жақсы жаңалығы! 2021 жылмен салыстырғанда өсім 56 пайыз (842 мың), -деді ол.
Оның атап өтуінше, биыл киік саны Жайықта – 801 мың, Үстіртте – 28 мың, Бетпақдалада – 489 мың.
Осы жылы 1 шілдеден бастап киіктерді қорғау жөніндегі Бөкейорда мемлекеттік табиғи қорығы өз жұмысын бастайды. Биыл Бетпақдала киіктерінің саны 2015 жылғы көрсеткішке жетіп отыр. Бұл «Охотзоопром» инспекторларының, аумақтық инспекциялардың және АКБК-ның орасан зор еңбегі. Жақсы жұмыс!, -деді С. Ділдахмент Facebook-тегі жазбасында.