Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қалдықтарды бөлек жинаудың барлық жерде болмауына, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі қуаттардың жеткіліксіздігіне байланысты полигондарда көміледі.
Қалдықтарды басқару саласының негізгі көрсеткіштері халықты қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету және қалдықтарды қайта өңдеуді дамыту. Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес біз тұрғындарды 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметімен қазіргі қамтылған 81%-дан 100% дейін қамтамасыз етіп, қалдықтарды қайта өңдеуді қазіргі 24%-дан 40% дейін жеткізуіміз керек, - министр.