Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде жыл сайын он екі мыңнан астам өрт орын алады, оның салдарынан төрт жүзден астам адам қаза табады. Бұл ретте өрттердің және қаза тапқан адамдардың негізгі үлесі тұрғын үй секторында тіркелген. Ағымдағы жылғы бірінші қазаннан бастап республика бойынша жылу беру кезеңі басталды. Қазірдің өзінде республика бойынша 835 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Былтырғы жылмен салыстырғанда, өрт саны (7,3%) мен адам өлімінің (33,3%) аздап төмендегені байқалуда,- дейді ол.
Сондай-ақ вице министр өрт, адам өлімі және жарақат алу қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізіп отыр.
Биыл республика бойынша ішкі істер органдарымен бірлесіп «Жатақхана» профилактикасы жүргізілді. Бұл іс-шара жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және заңсыз жұмыс істейтін жатақханаларды анықтауға бағытталған. Мұндай шаралар азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша мінез-құлық мәдениетін аздап арттыруға мүмкіндік береді,- деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ТЖМ пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді.