Елімізде жыл өткен сайын жекеменшік клиникалар үлесі артуда

23 Ақпан 2022, 12:37
1802
Бөлісу:
Елімізде жыл өткен сайын жекеменшік клиникалар үлесі артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жекеменшік емханалар санының артуы пациентке үздік клиниканы таңдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

 Ал қазіргі уақытта қор елорда бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасады, оның 76-сы – жекеменшік клиникалар. 

Ал жалпы республика бойынша қор биыл 1389 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқаны белгілі болды. Оның жартысынан көбі – жекеменшік ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге қарастырылған, мұның ішінде 838 млрд теңге МӘМС жүйесіне бағытталады.  

Сондай-ақ МӘМС жүйесі «пациент қай жерге қаралса, ақысы сонда аударылады» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 

Пациент қандай да бір тексерулерден өту кезінде қордың медициналық қызмет жеткізушілері тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасындағы салалық дәрігер-маманның жолдамасы болуы қажет. 

Қажетті медициналық қызметті алу үшін қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез келгенін таңдауға болады. Оның медициналық қызмет жеткізушілерінің 50%-дан астамы – жеке клиникалар (717 медицина ұйымы). 

Азаматтар медициналық ұйымдарда, оның ішінде жеке клиникаларда да, ақысыз, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық тексерулерден өтуге мүмкіндігі бар. Науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлемді қор жүргізеді.

Сондай-ақ тіркелген емханасында қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда, пациентке дәрігер бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Болмаса, пациент осы қызметті көрсететін қордың жеткізушілері ішінен медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыруға негіз болады.   

Қазіргі уақытта 1 389 медицина ұйымы қордың ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсететін тікелей жеткізушілері болып табылады. Көпшілігі амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды алмастыратын көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша медициналық қызмет жеткізушілер ретінде тіркелген. 

Қор сайтынан медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қалай қарауға болады?

Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» бөлімінің «Емхананы таңдау» деген бөлімшесінде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі орналастырылған. Тізімдерде өзіңіз тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін өзіңізге қажет медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтерін жеткізушілер тізбелері, белгілі бір кезең аралығында жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерін – стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ  қызметтерін жеткізушілер тізбесі мына сілтеме бойынша орналастырылған: 

Өзгелердің жаңалығы