Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның 58-і балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 171 адам суға батып кетті. Оның ішінде 58 бала бар. Өткен жылы дәл осы кезеңде 297 адам суға кеткен еді. Оның 104-і балалар болатын. Биыл ересектер өлімі 42 пайызға, ал балалардың өлімі 45 пайызға азайды, - деп мәлімдеді.
Ведомство келтірген деректерге сәйкес, биылғы жарты жылда суға батып бара жатқан 192 адам құтқарылған. Оның ішінде 56 бүлдіршін бар.
2022 жылғы 1 маусымнан бері суға батып бара жатқан 163 адам, оның ішінде 45 бала құтқарылды. Былтыр да осы уақыт аралығында 163 адам құтқарылған болатын, - деп хабарлады құзырлы орган ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
Министрлік ақпаратына қарағанда, суға батып, көз жұмғандар туралы деректер көбіне Алматыда (21 адам) тіркелген. Сондай-ақ Ақтөбеде 16 және Қостанай өңірінде 15 адам суға батып кеткен. Қайтыс болған азаматтар 13-17 және 26-35 жас аралығындағы ел тұрғындары. Ведомство қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін де жариялады. Оған сай, жыл басынан бері жүзу білмеген – 35, ал өз күшін дұрыс бағалай алмаған 56 адам суға батып кеткен.
Қайғылы жағдайларды болдырмас үшін Төтенше жағдайлар министрлігі суға түсу орынарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Ведомство рұқсат белгісі жоқ жерге суға түсуге, қайықтан секіруге және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға үндеді.