Елімізде жол-көлік оқиғасы 5% өскен

13 Қараша 2019, 14:54
1900
Бөлісу:
Елімізде жол-көлік оқиғасы 5% өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 10,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% өскен, деп жазады ranking.kz. 

Есептік кезеңде ЖКО-да 14,9 мың адам зардап шекті: 13,4 мың жараланғандар, оның ішінде 2,6 мыңы — кәмелетке толмағандар.

Сонымен қатар, ЖКО салдарынан 1,3 мың адам қайтыс болды: 959 ер адам және 377 әйел. Ал кәмелетке толмағандардың жалпы саны 146 адамды құрады.

Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі Алматы (3,1 мың), Алматы облысы (1,5 мың) және Жамбыл (794) облыстарында тіркелген.

Салыстыру үшін: 2018 жылы жалпы Қазақстанда 15,8 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген — 2017 жылға қарағанда 7,3%-ға аз (17 мың оқиға). ЖКО-нан 22,5 мың адам зардап шекті, оның ішінде 20,4 мың адам жараланды, 2,1 мың адам қаза болды.

Айта кетейік, ЖКО-ның ең көп тараған түрі — жаяу жүргіншіні қағып кету, бұл 2018 жылғы оқиғалардың жалпы санының 42,3%-ын құрады. Сонымен қатар, барлық ЖКО-ның 35,8%-ы көліктердің соқтығысуынан болды. Аударылу салдарынан болған оқиғалар 8,1%-ды құрады. Сондай-ақ, жиі кездесетін ЖКО ішінде көліктер кедергіге соқтығысуы (4,8%) және жолаушы құлауының салдарынан болған (3,1%) жайттар бар.

Өзгелердің жаңалығы