Елімізде жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда

Бөлісу:
Елімізде жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда
Фото: gov.kz

Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.

Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.

Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады. Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы