Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

2 Сәуір 2021, 21:35
3410
Бөлісу:
Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда елде жемістер мен көкөністерді тұтыну орта есеппен жан басына шаққанда 78,8 кг және 86,7 кг құрады. 2019 жылмен салыстырғанда жеміс бойынша 0,5%-ға және көкөніс бойынша 0,9%-ға артық.

Елде жемістер мен көкністер үшінші тоқсанда көп тұтынған екен: 27,9 кг жеміс-жидек және 24,9 кг көкөніс. Бұл жемістерді тұтыну көкөністерді тұтынудан асып кеткен жалғыз кезең. 

Өңірлердің ішінде ең көп жеміс Маңғыстау облысында (орта есеппен жан басына шаққанда 101,8 кг), көкөніс Түркістан облысында (110,3 кг) пайдаланылған екен. Жемістер мен көкөністерді тұтыну бойынша келесі орында Алматы тұр: сәйкесінше 99,4 кг және 102,9 кг. Ең аз жемістер Шымкентте (тек 61,3 кг), ал көкөністер Солтүстік Қазақстан облысында (60,4 кг) тұтынылған екен. 

Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

Еnergyprom.kz сайтының мәліметі бойынша, орташа алғанда, әрбір қазақстандық өткен жылдың қаңтар–желтоқсан айларында жемістер мен көкөністерге 57,2 мың теңге жұмсады, бұл тамақ өнімдеріне жұмсалатын барлық шығыстардың 16%-ға жуығын құраған. Оның 30,9 мың теңгесі жемістерге, 26,3 мың теңгесі көкөністерге жұмсалды. 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда халықтың жеміс-жидекке кеткен шығыстары 23,1% - ға, көкөніске жұмсаған шығыстары 14,8%-ға өскен. 

Жемістер мен көкөністерге алматылықтар жұмсайды екен. Орта есеппен жан басына шаққанда 48,8 мың және 41,1 мың теңге. Одан кейін маңғыстаулықтар жеміске — 44,3 мың теңге, көкөністерге-30,2 мың теңге төлейді. 

Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жемістер мен көкөністердің бағасы бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға өскен екен. 

Бағаның өсуі Шымкентте (жылына 17,5% - ға), Павлодар облысында (13,4% - ға) және Жамбыл облысында (12,5% - ға) қатты сезіледі. 

Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

Ең көп алма қымбаттағын - 28,9%. Бұл ретте орта есеппен әрбір қазақстандық өткен жылы 19,6 кг алма тұтынған.
Сондай-ақ, апельсин (27,6%-ға, жан басына шаққанда 1,4 кг-нан) және лимонның (22%-ға, бір адамға 0,7 кг-нан) бағасы айтарлықтай өскен. 

Керісінше қырыққабат (25,3%-ға, орта есеппен бір адамға12,4 кг-нан) және пияз (10,3%-ға, орта есеппен жан басына шаққанда 20,9 кг-нан) арзандаған. 

Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?

2021 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша жемістер мен көкөністер арасында бір жылда лимон (23,7% - ға, кг үшін 953 теңгеге дейін), апельсин (кг үшін 23,4% - ға, 780 теңгеге дейін) және қияр (кг үшін 21,3% - ға, 808 теңгеге дейін) қымбаттаған. 

Арзандаған тек қырыққабат (кг үшін 19,1% - ға 90 теңгеге дейін), ал пияздың құны өзгеріссіз қалған (кг үшін 87 теңге).
 

Қазақстандықтар жеміс пен көкөніске қанша ақша жұмсайды?


Өзгелердің жаңалығы