Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның жаңа Су кодексі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, министрлік өзекті мәселелер мен жаңа сын-қатерлерді ескеріп, жаңа редакцияда Су кодексін әзірлеуде.
Бастапқы кезеңде ұлттық заңнама және су ресурстары саласындағы халықаралық тәжірибе (Австралия, Германия, Израиль, Канада, Өзбекстан) зерттелді. Қолданыстағы су заңнамасының әлсіз жақтарын анықтау үшін Бассейндік инспекцияларға жұмыс сапарлары жүзеге асырылды,-деді министр.
Су кодексінің жобасында:
- ирригация және дренаж;
- сумен жабдықтау және су бұру;
- бөгеттердің қауіпсіздігі бойынша жаңа бөлімдер әзірленіп жатыр.
Ал, су кодексінің жобасы шеңберінде:
- су пайдалану лимиттерінің сақталуын бақылаудың жеделдігін арттыру мақсатында бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру;
- жер үсті және жер асты суларының сапасын басқару;
- су шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері пысықталып жатыр.