Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналады. 2024 жылы ол қалдықтардың 25,8%-ы қайта өңделді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2 973 полигон болған, алайда олардың тек 20%-ының қажетті рұқсат құжаттары бар.
Бүгінгі таңда әкімдіктер 7 жаңа нысан салып, пайдалануға берді, 23 полигон бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды, тағы 18 жоба әзірленуде. Министрлік сондай-ақ 11 өңірде кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен 43 полигон құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауда. Болжам бойынша оның жалпы құны 53 млрд теңге, - деді Мансұр Ошурбаев ОҚК-да өткен брифингте.
Бұған дейін вице-министр "Таза Қазақстан" акциясына 9 млн адам қатысқанын айтты.