Елімізде зейнет жасы төмендетілмейді

Бөлісу:
Елімізде зейнет жасы төмендетілмейді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнет жасы төмендетілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде бұл мәселе қаралып жатқан жоқ, - деді министр Үкімет сағатында.

Жақыпова атап өткендей, 2023 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға 5 жылға мораторий енгізілген.

2028 жылға дейін қазақстандық әйелдер 61 жаста, ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады.

Айта кетейік, республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады.

  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);
  • базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге).

Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы