Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Қазіргі таңда еліміздегі екі ғылыми институтта биологиялық зертханалар бар. Енді ол зертханалардың материалдық-техникалық жағдайы, заманауи жабдықтар мен аппараттар, мамандардың оқытылуы тұрғысынан көңіл бөлінеді. Сонымен қатар осындай жоғары деңгейдегі зертханаларды салу жоспарлануда. Ол бүгін қабылданған заң аясында қарастырылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ол зертханалар Президенттің тікелей тапсырмасымен жасалғанын алға тартты.
Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасында қарастырылған 25 млрд теңге осы зертханалардың жағдайын жақсартуға, микроорганизмдер коллекциясын ұстау, диагностикалық әдістемелер, вакциналар, адамдар үшін ғана емес, жануарлар үшін де көптеген ауруларға қарсы препараттар әзірлеу, мамандарды оқыту үшін жұмсалатын болады. Тағы бір айта кетерлігі, зертханада жұмыс істейтін мамандардың жалақы мәселесі. Олар бастарын қатерге тіге отырып жұмыс істегенде, 80-100 мың арасында ғана жалақы алады. Олардың еңбекақысын көтеру мәселесін де қарастырамыз, - деді Ажар Ғиният.