Елімізде заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды

12 Шілде 2019, 23:15
1612
Бөлісу:
Елімізде заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атыс қаруын пайдаланумен жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мақсатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен полиция қызметкерлері қарудың, оқ-дәрілердің елге түсу арнасының жолын кесу және оларды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.Жалпы, Қазақстан бойынша 84 мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, заңсыз айналымнан 3277 бірлік қару тәркіленді»,-делінген хабарламада.

Ведомствоны мәліметінше, соның ішінде биыл сәуір айынан бері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 атыс қаруы сатып алынды.

Жыл басынан бері атыс қаруының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша 844 қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция бөліністері арнайы іс-шаралар жүргізу кезінде 53 қысқа ұңғылы атыс қаруын, автоматты, 12 ойық карабин, 157 тегіс ұңғылы қару, 60 шолақ мылтық, сондай-ақ оқ-дәрілер алды.

Мәселен, наурызда полиция департаменттері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында сот сарапшысын ұстады. Тінту кезінде одан 18 жарылғыш құрал, «ТОЗ» винтовкасы, 3 мыңнан астам артық патрон, 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, сондай-ақ жарылғыш қондырғылар мен атыс қаруының 232 бөлшегі алынды.

«Жасырын прокси серверлерді интернет желісінде, сондай-ақ криптовалютаны және «Kiwi» әмиянды пайдаланумен қару мен оқ-дәрілерді сатуды мониторингілеу кезінде полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілер сататын 34 шетелдік интернет-ресурсты анықтады, олардың жартысы бұғатталды, басқалары бойынша жұмыс жалғасуда.Аталған ресурстардың басым бөлігі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде және хабарландырулар сайтында, жартысы жабық желілерде анықталды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда»,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы