Елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны 25% азайған

5 Қыркүйек 2019, 21:46
1897
Бөлісу:
Елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны 25% азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 28 іс-шарадан тұратын үш жақты жоспарға қол қойылып, қазіргі уақытта оның ішіндегі 6 іс-шара қолданысқа енгізілген. Бұл туралы 24 kz сайтында хабарланды.

«Соңғы жылдары қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер санының азаю үрдісі байқалады. Биылғы жеті айда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, олардың саны 25%-ға, нақтырақ айтқанда 351-ден 265-ке азайды. Ал 2018 жылы, 2017 жылмен салыстырғана, 6%-ға азайды», - деді ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық және қылмыстық іс жасаудың жауапкершілігі туралы айтып өтті.

«Біз полиция қызметкерлерінің қылмыс жасаған әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргіземіз. Тексеріс нәтижелері бойынша кінәлі адамнан басқа оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деді Арман Саданов.

Өзгелердің жаңалығы