Елімізде вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды

19 Қараша 2022, 00:15
1696
Бөлісу:
Елімізде вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова сайлау күні комиссия мүшелері бетпердені 3 сағат сайын алмастыруы керек екенін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Тұмаудан басқа, елімізде өзге де вирусты инфекциялар анықталды. Олар: риновирусты, ресвирусты, аденовирусты, бокавирусты, метапневмовирусты және парагрипп. Республикамызда жіті респираторлық вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанудың артуын, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақты екендігін ескере отырып, сайлауды өткізу кезінде сайлау комиссиясы мүшелері бетперде тәртібін сақтауы, бір рет қолданылатын бетпердені әр үш сағат сайын алмастыруы қажет, - деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сондай-ақ вице-министр халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барынша кең бөлмелерді пайдалану қажет екенін еске салды.

Бөлмелерді желдету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Ал жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шараларды өткізу алдында бөлме ауасын тазарту қажет, - деді А. Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы