Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 461 797 адам салдырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
7 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 461 797 адам, 2-ші компонентін 9 190 269 адам салдырды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 7 сәуірдегі көрсеткіш бойынша «Pfizer» вакцинасының І компонентін салдырғандар:
Жасөспірімдер – 790 039
Жүкті әйелдер – 36 272
Бала емізетін әйелдер – 129 302.
ІІ компонентін салдырғандар:
Жасөспірімдер – 701 107
Жүкті әйелдер – 30 654
Бала емізетін әйелдер – 108 907 адам.