Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл рекордтық түрде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 44%-ға жоғары. Осы жылдың 11 айында, 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады, - деді министр.
Елімізде Отбасы банктің құзіретін кеңейтетін заң қабылданды.
Бұл саясат үй алуды қолжетімді етеді. Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Бұл ең алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Осы шараның арқасында 50 мыңнан астам азамат үйлі болады, - дейді Шарлапев.
Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов үй кезегінде тұрғандардың мәселесі әлі шешілмегенін айтты.