Елімізде утильалым құны азая ма? – министр жауабы

29 Сәуір 2024, 14:09
1083
Бөлісу:
Елімізде утильалым құны азая ма? – министр жауабы
Фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен осы сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп, үнемі қойылады. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір жоспар қарастырылмаған, - деп жауап берді Шарлапаев Үкімет сағатынан соң.

Бұған дейін шара барысында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Шарлапаевтың өнеркәсіпке қатысты оқыған баяндамасына көңілі толмайтынын айтқан болатын.

Сонымен қатар Үкімет сағатында депутат Анас Баққожаев Өнеркәсіп және құрылыс министрінен Қарағандыдағы металлургиялық комбинаттың жағдайы туралы сұрақ қойды.

Бұдан бөлек Шарлапаев елімізде отандық өндірушілерге қандай жеңілдік жасалғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы