Елімізде ұстаз мәртебесін иеленген қанша адам бар

5 Қазан 2023, 14:50
2141
Бөлісу:
Елімізде ұстаз мәртебесін иеленген қанша адам бар
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметі Қазақстан Республикасындағы профессорлық-оқытушылық құрам туралым жаңартылған мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022-2023 оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны 97 407 адамды құрады, оның ішінде 30-дан 39 жасқа дейінгі педагогтар – 33,2% (32 372 адам), 40-тан 49 жасқа дейінгі – 26,6% (25 965 адам), 30 жасқа дейінгі – 19,1% (18 632 адам), 50 жастан 59 жасқа дейін – 17,2% (16 718 адам), 50 жастан жоғары – 3,8% (3 720 адам), зейнеткерлік жаста – 3% (2 909 адам). Ағылшын тілін меңгерген педагог саны 3 715 адамды құрайды.

Жалпы білім беретін мектеп педагогтарінің саны 393 791 адамды құрайды, оның ішінде 80% астамы – әйелдер (318 337 адам).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылар саны жоғарыда көрсетілген кезеңде 36 918 адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 71,6% (26 428 адам).

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басында оқытушылардың негізгі (штаттық) құрамының саны 36 404 адамды құрады. Магистр академиялық дәрежесі – 39,2% немесе 14 256 адам, ғылым кандидаттары – 28,7% немесе 10 456 адам, философия докторлары (PhD)-10,2% немесе 3 732 адам, ғылым докторлары - 7,3% немесе 2 656 адам, бейіні бойынша доктор-0,7% немесе 271 адам.

Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың ең көп саны Алматы (4 661 адам), Астанада (1 576 адам) және Қарағанды қалаларында (1 230 адам).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың негізгі саны 40 және одан жоғары жас тобына тиесілі – 44,7% (16 287 адам), 30-39 жастағы – 24,4% (8 886 адам) құрайды.

2022-2023 оқу жылының басына «Педагогикалық Ғылымдар» мамандығы бойынша оқитын студенттер саны 168 500 адамды құрады, оның ішінде 67% – әйелдер (112 850 адам).

2022-2023 оқу жылында осы мамандық бойынша 51 384 адам қабылданды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1.5% артық (771 адам).

Өзгелердің жаңалығы