Елімізде ұлттық жоба аясында 194,7 мың адам жұмысқа орналасты

14 Мамыр 2023, 09:51
963
Бөлісу:
Елімізде ұлттық жоба аясында 194,7 мың адам жұмысқа орналасты
Фото: Артём Чурсинов

1 мамырдағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 286,2 мың адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 194,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 73,5 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 121,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,5 мың адам, жастар практикасымен 7,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 87,5 мың адам қамтылды.

Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 92 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 9,6 мың адам жұмысқа орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы