Елімізде ұлттық тауар өткізу жүйесі іске қосылады

15 Шілде 2022, 15:09
1862
Бөлісу:
Елімізде ұлттық тауар өткізу жүйесі іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы азық-түлік өнімдерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігінің іс жүзіндегі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деді ведомства басшысы.

Министр сөз басында азық-түлік бағаларын реттеу мақсатындағы жобаның неліктен кешіктірілгенін түсіндірді.

Шынында да, бұл жобаны жүзеге асыру бірқатар субъективті және объективті себептерге байланысты
кешіктірілді. Атап айтқанда, бюджетке жүктемені төмендету мақсатында қаңтар-ақпанда қаржыландыру шарттары өзгерген жобаны мемлекеттік жекешелік әріптестік шарты шеңберінде мемлекет міндеттемесінің деңгейін қайта қарауды талап етті. Қаржыландыру құралдарын қайта қарау және оған жаңа инвесторларды тарту бойынша консорциуммен келіссөздер жүргізілді. Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, біз ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау бойынша жұмысты бастадық, - деді Сауда және интреграция министрі.

Сұлтановтың баяндауынша, бүгінгі таңда мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлері қарастырылып жатыр.

Осыған байланысты, белгіленген мерзімде яғни қазан айына дейін тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына баяндалатын болады, - деді Бақыт Сұлтанов. 

Өзгелердің жаңалығы