Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

24 Қыркүйек 2023, 02:28
1199
Бөлісу:
Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Фото: архив

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санақты өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы мен шараның жоспары Ашық НҚА порталында жарияланды.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді: 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде; 2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында планшет пайдаланып елді мекендерді аралау арқылы.

Санақ өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.

Еске салайық, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанды ауыл шаруашылығы санағын өткізу қажеттігін айтып, оған дайындықты биыл бастауды тапсырған еді.

Өзгелердің жаңалығы