Елімізде тұз бағасы күрт өсті

4 Қазан 2024, 20:05
555
Бөлісу:
Елімізде тұз бағасы күрт өсті
Фото: pixabay.com

Елімізде 24 қыркүйектен бастап бір апта ішінде 1 қазан аралығында тұз бағасы орта есеппен 2,4%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұз бағасының күрт өсуі бұған дейін 2022 жылдың наурыз айында болған еді.

Зерттеуге сәйкес, ас тұзының құны Алматы қаласында 13,8%-ға айтарлықтай артқан. Алайда Алматы облысының орталығы Қонаевта тұз бағасы керісінше, 1,2%-ға түскен.

Ресми статистикаға сенсек, бұл мегаполистегі тауарлар бағасы Қонаевқа қарағанда орта есеппен 10 теңге және 12%-ға жоғары дегенді білдіреді.

Ұлттық статистика бюросы фискалдық түсімдерге негізделген инфляция бойынша жаңа эксперименттік деректерді ұсынды. 2023 жылдың басынан 2024 жылдың маусымына еліміздің Астана, Алматы және Қарағанды ​​облысында 20 тауарға қатысты есептеулер жүргізілді.

Мысалы, жыл басымен салыстырғанда маусым айының соңына қарай тұз бағасы ресми түрде 10,8%-ға төмендеді. Ал "эксперименттік” тұрғыда керісінше, 3,6%-ға өскен. Алматы мен Қарағанды облыстарында айтарлықтай өсім байқалмайды.

Алматыда ас тұзы дәстүрлі есептеулер бойынша 1,5%-ға, тәжірибелік есептеулер бойынша 4%-ға қымбаттады. Қарағанды ​​облысында классикалық бағалау бойынша тұздың бағасы 0,1%-ға түссе, чектер бойынша 1,1%-ға өскен.

Дәл қазір Астанада ас тұзы жыл басымен салыстырғанда бұрынғысынша 9,4 пайызға арзандаған. Қарағандыда баға 1,3 %-ға, Алматыда 23%-ға өскені белгілі болды. Эксперименттік деректер болмағандықтан, бағаны дүкеннен алған түбіртектермен салыстыруға болады, – деп жазды Telegram-арнасы.

Өзгелердің жаңалығы