Бұл туралы «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, еліміздегі тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұтынушылардың құқықтары күн сайын бұзылады.
Шағымдардың негізгі ағымы алақол кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі. Атап айта кететін жайт, кейінгі кезде адамдар өз ұстанымдарын белсенді түрде жариялай бастады. Сондай-ақ жеке құқықтарын сақтауды талап ететіндердің саны артқан. Бұған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекеттің де, ҮЕҰ-дың да қосқан үлесі зор, - деп атап өтті Романовская елордада өткен шеберлік сағатында.
Сондай-ақ басқарма төрағасы пандемия кезінде қандай салада шағым көп түскеніне тоқталды.
Мәселен, 2020 жылы туристік агенттіктер ақша шетелдегі серіктестерге аударылғанына және оны қайтару мүмкін еместігіне сүйене отырып, пандемияға байланысты іске асырылмаған турлар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Алайда тұтынушылар белсенділік танытып, бізбен бірге жұмыс істеп, ақшаларын шағымдану немесе медиация арқылы қайтара алды. Жалпы алғанда, пандемия басталған тұста, яғни 2020 жылы қауымдастығымызға 8802 қазақстандық көмек сұрап жүгінді. Бірлесіп күш жұмылдырудың арқасында сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін төленген 403 073 378 теңгені қайтара алдық, - деді Светлана Романовская.