Биыл 1 шілдеден бастап қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасына ауыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын деп көрсетілген.
Онда тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына ауысу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге мүмкіндік берген. Яғни, аптаның қай күні үшінші демалыс күні болатынын жұмыс беруші мен қызметкер өз бетінше келісіп алады.
Бұл туралы 84-бапқа өзгертулер енгiзiледi:
3- тармақ. Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді» делінген Заңда.