Елімізде тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7% өсті

17 Сәуір 2024, 17:00
462
Бөлісу:
Елімізде тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7% өсті
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 178,9 мың бірлікті құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 7% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл ретте оның 2 002,2 мың бірлігі - жұмыс істеп тұрғандар.

Жұмыс істеп тұрған субъектілер үлесі:

68,4% – дара кәсіпкерлер

18% – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалары

13,5% – шаруа не фермер қожалықтары

0,1% – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

Жұмыс істеп тұрған субъектілердің 35,1% саудамен, 15,6% басқа да қызмет түрлерімен, 14,3% ауыл шаруашылығымен айналысады.

Шағын орта кәсіпкерлік секторында елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 45,6% еңбектенеді.

Мұнда жұмыспен қамтылғандардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,3% өсіп, 4 326 мың адамды құрады.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика бойынша ЖІӨ ШОК үлесі 36,5% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,5 п.т. өсті.

Өзгелердің жаңалығы