Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

25 Шілде 2022, 15:11
1299
Бөлісу:
Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.

Оған келесі кәсіби мерекелерді қосу ұсынылып отыр:

- 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;

- 19 желтоқсан – жарнама маманы күні.

Қаулыға толықтыру енгізу туралы құжаттар Ашық НҚА сайтында жарияланған. Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы