Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 681 мың дана бетперде өндіріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 506 мың, тігін кәсіпорындары 174 мың дана өндірді.
Қоймаларда 3 мыңнан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.
Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі.
Қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті. Залалсыздандыру құралдарына келсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 67 050 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 325 026 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 66 900 литр жөнелтілді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, фармацевтикалық кәсіпорындар: "Dolce" ЖШС (Алматы обл.) 89 800 дана/тәулік, "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.) 7 800 дана/тәулік, "MegaPharma" ЖШС (Жамбыл обл.) 50 000 дана/тәулік, "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) 40 000 дана/тәулік, "Ecos" ЖШС (Алматы қ.) 2 000 дана/тәулік, "Bizhon" ЖШС (Шымкент қ.) 60 000 дана / тәулік, "Болашақ 2019" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 45 000 дана/тәулік," Vita Pharma " ЖШС (Нұр-Cұлтан қ.) 2 000 дана/тәулік, BIONIC-PRO ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 180 000 дана/тәулік, "Skinwood" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 30 000 дана/тәулік.