Елімізде су тасқынын ғарыштан болжау жүйесі іске қосылады

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі су тасқынын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Үкімет баспасөз қызметі 24 Қыркүйек 2024 2024, 11:35
24 Қыркүйек 2024 2024, 11:35
809
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі су тасқынын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Ол жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрады. Министрлік Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктерімен бірлесіп су тасқынын болжау мен модельдеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеп, бекітті. Осылайша, жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанында жоспарлануда, - деді Цифрлық даму министрі.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны кезінде техника жеткіліксіз болғанын айтқан еді.

Наверх