Елімізде соңғы 2 жылда 39 IT-лицей ашылды
29 Қараша 2021, 14:21 275

Елімізде соңғы 2 жылда 39 IT-лицей ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда соңғы 2 жылда 39 мамандандырылған IT-лицей ашылды. Бүгінде бұл білім ордаларында 55 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

IT-лицейлер жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен және заманауи IT құралдармен жабдықталған. Балалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды терең зерттеуге бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленді. 

Аталған білім беру бағдарламаларымен 7-11 сынып оқушылары қамтылған. Мамандандырылған IT-лицейлерде оқуға ниет білдірген білім алушылар түсу емтихандарын тапсырады. 

Оқушылар бағдарламалау дағдылары, 3D дизайн, робототехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады. Педагогтердің қолдауының арқасында IT-лицейлердегі білім алушылар цифрлық стартаптар құрып, өз жобаларын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытып келеді.

Мысалы, Көкшетау қаласындағы IT-лицейдің оқушысы Caspian Start-UP 2021 Халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті. Байқауға Каспий маңы елдерінен 90-ға жуық оқушы мен колледж студенттері қатысты. Жас дарын иелері инновациялық технологиялар саласындағы өздерінің авторлық жобаларын таныстырды. 

Елімізде осындай мамандандырылған IT-лицейлердің ашылғанына қуаныштымын. Нәтижесінде біз барлық цифрлық технологияны сапалы түрде зерттейміз. Мәселен, мен стартаптар байқауында өзімнің авторлық жобамды таныстырдым. Маған көмектескен мұғалімдерім мен ғылыми жетекшіме алғысым шексіз. Қол жеткізген жетістіктерім лайықты бағаланып, білім беру грантын алғаныма қуаныштымын, – деді Caspian Start-UP 2021 жеңімпазы Асылхан Қошанов.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...