Елімізде соңғы 13 жылда аутизмі бар балалар саны біршама өскен

2 Сәуір 2021, 13:32
1348
Бөлісу:
Елімізде соңғы 13 жылда аутизмі бар балалар саны біршама өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Аутизм туралы ақпараттандыру күні» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай айтты.

ДДСҰ деректері бойынша, 160 баланың біреуі немесе балалардың 0,6%-ы аутизмдік спектр бұзылуларынан (АСБ) зардап шегеді. Республикамызда соңғы 13 жыл ішінде АСБ бар балалар санының біршама өскені байқалады, 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өсім әсіресе, соңғы жылдары 20 еседен астам көрсеткішті құрады, бұл әр түрлі факторлармен, соның ішінде көмек қолжетімділігінің және ауруды анықтау деңгейінің артуымен байланысты, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың қызметіне жаңа диагностикалық құралдар мен алгоритмдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Соның бірі - өзін-өзі диагностикалау. Осы мақсатта Modified Checklist for Autism in Toddlers, Revised (M-CHAT-R) - балаларға аутизміне арналған түрлендірілген скринингтік тест енгізіліп жатыр. Бұл ата-аналар толтыратын сауалнама есебінде жүреді. Сауалнама АСБ көріністеріне жоғары сезімталдыққа ие, нәтижесі бойынша балада АСБ-ның болу қаупі (төмен, орташа, жоғары) белгіленеді. Бірақ, бұл скринингтік әдіс екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, алғашқы психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілетін сауалнама да бар. Қазіргі уақытта АСБ диагностикасының алтын стандарттарын енгізу бойынша ADOS-2 (Autism Diagnostic Observation Schedule) және ADI-R (Autism Diagnostic Interview) іс-шаралары жоспарланған. Бұл әдістеме 2017 жылы ДСДРО медициналық технологияларын бағалаудан өтті және ҚР-да қолдануға ұсынылды, - деді Негай.

Өзгелердің жаңалығы