Соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған. Биыл тоғыз айда осындай 60 ота болған, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан гематологтар мен онкологтарға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.
Форумға Қазақстаннан бөлек, Ресейдің, Германияның, Израильдің медицина өкілдері қатысты. Екі күн ішінде олар онкогематологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады.
Соңғы кезде барлық дүниежүзілік ұсынымдар бойынша жедел екоздар кезінде миомалық ауру кезінде және сүйек кемігі жетіспеу кезіндегі көптеген препараттар Қазақстанда қолжетімді және жеткілікті айтуға болады, - деді Ұлттық ғылыми онкология орталығы Онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі Айзат Сүлейменова.