Елімізде шаш қию қызметі қанша тұрады

Бүгiн, 12:44
139
Бөлісу:
Елімізде шаш қию қызметі қанша тұрады
Фото: архив

2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы әйелдер шашын қию қызметінің орташа бағасы 3944 теңгеге жетті. Аймақтар бойынша ең жоғары орташа баға Алматыда тіркелген – 6066 теңге, ең төменгі баға Семейде – 2500 теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazstat-қа сілтеме жасар.

Басқа қалаларда шаш қию құны 2,7 мыңнан 4,8 мың теңгеге дейін барады.

Ерлер шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдермен салыстырғанда сәл арзан болды. Оның құны 2604 теңге. Алматыда ерлердің шаш қиюы орташа есеппен 3601 теңге тұрады, ал Оралда – 1795 теңге. Басқа қалаларда бағалар 1,9 мыңнан 3,4 мың теңге аралығында.

Жалпы алғанда, жылдық мәнде (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға қарағанда) шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 11,6% өскен.

2024 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 49,2 млрд теңгеге жетті.

Өзгелердің жаңалығы