Елімізде «Республика»атауы берілген 6 көше және 1 партия бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 7 қалада Республика атымен аталған 2 көше мен 4 даңғыл, 1 алаң бар.
Алматыдағы Республика алаңы Достық даңғылы мен Желтоқсан көшесінің арасында орналасқан. Мұнда мерекелік салтанатты шерулер, сондай-ақ әскери парадтар өтеді.
Астанадағы Республика даңғылы Ж. Тәшенов көшесінен басталып, И. Гете көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 4159 метр. Даңғылда қазіргі заманғы өнер мұражайы, ҚР Президенттік мәдениет орталығы, «Есіл» сауда үйі, «Абай» қонақ үйі, «Жастар» сарайы, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.
Шымкенттегі Республика даңғылы – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елдімекендермен біріктіретіндіктен шаһардың басты магистралды көшелерінің бірі. Ұзындығы 5,2 шақырымды құрайды.
Қарағанды қаласындағы даңғыл Қазыбек би ауданындағы Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй аймағының солтүстік бөлігінде Волочаев көшесінен солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа карай Мұқанов көшесіне дейін созылып жатыр. Мұндай даңғыл Теміртау қаласында да бар. Ал Ақмола облысы, Қосшы қаласы мен Аршалы ауданында да Республика көшесі бар.
Сондай-ақ Қазақстанда Respublica атты партия бар. Партия 2022 жылдың тамызында жарияланып, 2023 жылы 18 қаңтарда тіркелген.