Елімізде қысқы дизель бірден 30,7%-ға қымбаттады

23 Қараша 2022, 09:05
877
Бөлісу:
Елімізде қысқы дизель бірден 30,7%-ға қымбаттады

Қазақстанда дизель отынының бағасы бір жылда 12,5%-ға өскен. Дегенмен жаздық дизель бағасы 1,3%-ға арзандаса, қысқы дизель бірден 30,7%-ға қымбаттады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, ең жоғарғы өсім Ақтөбе (27,9%), Абай (24,6%) және ШҚО-да (24,4%) тіркелген. Ал Алматы облысында дизель бағасы небәрі 0,5%-ға өсті. Шымкенте, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылғы деңгейде сақталған. 

Елімізде қаңтар мен қазан аралығында 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға көп екен. Қаңтар-тамыз аралығында жергілікті компаниялар дизель отынына деген сұранысты 99,3%-ға қанағаттандырған. 

Биыл елімізге 23,8 мың тонна дизель отыны импортталды, шет елдерге 60,5 мың тонна экспортталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,4 есе аз.

Өзгелердің жаңалығы