Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша бір реттік екі пойыздың қосылатыны туралы хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының мәліметінше, қосымша пойыздар «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол – Шу» және «Алматы-2 – Шымкент» бағыттары аралығында қатынайды.
- №200/219 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол – Шу» бағыты бойынша
Нұр-Сұлтан қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері сағат 9:57-де жөнелтіледі. Шу стансасына келу уақыты 20.00-де.
Кері бағытта Шу қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері кешкі сағат 21:15-те шығады.
- №221/222 «Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша
Алматы-2 вокзалынан 21 шілде күні кешкі сағат 20:15-те сапарға шығады. Кері бағытта Шымкент қаласынан 22 шілде күні 18:21-де жөнелтіледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚТЖ жол билеттерінің тапшылығына шағымданғандарға жауап берді.