Елімізде қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Бүгiн, 19:25
164
Бөлісу:
Елімізде қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
VIDEO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Республика күні қарсаңында, 23 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Көп ағзаны алу барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды. 1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.

Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды.

ТҮЖМҚРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

2024 жылғы 25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ны құрады, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

2024 жылғы қазан айына Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының күту парағында бүйрек, бауыр, жүрек және «жүрек-өкпе» кешеніне трансплантаттауды қажет ететін 4080 пациент бар.

Әлемдік тәжірибе растағандай, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық трансплантологияны дамытудың ең перспективалы әдісі болып табылады.

Өкпені немесе жүректі күтетін пациенттер үшін бұл өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы