Елімізде қай сала құрдымға кетудің алдында тұр?

12 Сәуір 2023, 15:13
845
Бөлісу:
Елімізде қай сала құрдымға кетудің алдында тұр?
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, елімізде ғылыми зерттеуге грант бөлудің конкурстық жүйесі жұмыс істеп тұр.

Қазіргі кезде айқындалған 10 ғылыми кеңестің бағыттары бар. Соған сәйкес қаражат бөлінген. Бүгінгі кеңестің нәтижесінде шығарылған басты маңыздылықта екі құрал пайда болады. Біріншісі – мегагранттар, яғни ауқымды гранттар. Ол ауқымды гранттарды су қауіпсіздігіне, робототехника бағытына және қалалардың даму агломерациясына бағыттаймыз. Кванттық технология мен нанотехнологиялар, технопарктер де назарда. Бұл ұсыныстар еңбектерімізде көрініс табады деп ойлаймын, - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар ол соңғы жылдары әлеуетін жоғалтқан салалар барын да айтты.

Бізде соңғы жылдары интеллектуалдық әлеуетін жоғалтқан бағыттар бар. Профессорлар саладан кетіп, ұрпақтар сабақтастығы саясаты дұрыс қалыптаспай, материалдық-техникалық база да ескірді. Бұл тұрғыда инженерлік-технологиялық бағыттар туралы айтып отырмын, - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.

Сондай-ақ комитет төрағасы бұл блокқа соңғы жылдары қаржы бөлінгенін айтты. Болашақта саланы қолдауға арналған бағдарламаны іске қосу ведомствоның жоспарында бар.

Өзгелердің жаңалығы