Елімізде жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрады, бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2%.
Оның ішінде:
Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%)
Әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%)
Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.
2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құрады.
2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артқан.