Елімізде қанша жылу электр орталықтары жөнделіп жатыр?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

25 Маусым 2024 2024, 10:13
 Артём Чурсинов  - архив 25 Маусым 2024 2024, 10:13
25 Маусым 2024 2024, 10:13
657
Фото: - архив

Биыл жылыту маусымы басталғанша 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзі. Ол алдағы  жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

3 энергия блогында, 32 қазандықта, 16 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңдерде. Бүгінгі таңда 1 энергоблоктыы, 6 қазандықты және 9 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Электр желілерінде осы жылы жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр беру желілерін, 423 бірлік жоғары вольтты кіші станцияны күрделі жөндеу жоспарланған. 4,1 мың км электр беру желілері мен 227 кіші станция, 909 тарату пункті мен трансформаторлық кіші станция жөнделді, – деді министр Үкімет отырысында.

Министр алдағы 2024-2025 күзгі-қысқы кезеңді ойдағыдай өткізу үшін не істелетінін атап өтті.

  1. Жөндеу жұмыстарын қажетті көлемде және келісілген мерзімдерде орындау;
  2. Жоспарланған жөндеу
    жұмыстарының көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу;
  3. Энергия көздерінде отынның және қосалқы бөлшектердің нормативтік қорын жасау қажет.
Наверх